«Полиция көмектеспеді»: Ақмолада түлекті аяусыз ұрып, көлікпен қағуға оқталған екі ер адам ұсталды
Фото: Pixabay.com
Ақмола облысы Ақкөл ауданында 18 жастағы мектеп түлегі Роман Пауковты екі ер адам аяусыз соққыға жықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 21 маусым күні кешке болған. Зардап шеккен баланың анасы Инна Паукованың айтуынша, екі ересек ер адам алдымен ұлын көлікпен қағып өтпек болып, кейін көліктен түсіп, есінен танғанша сабаған.
«Бұл расымен айуандық. Олар жабайы аң сияқты ұлымды соққыға жықты. Роман өзін қорғай да алмады, денесі түгел көгеріп қалған», — дейді анасы.
Оқиғаның ең жан түршіктірер тұсы — жанұшыра көмек сұраған ананың сөзінше, төбелес кезінде сол маңда жүрген полиция қызметкері еш әрекет етпеген. Анасының айтуынша, тәртіп сақшылары ұрып-соғуды тоқтатуға да, араша түсуге де талпынбаған.
Шабуылдан кейін Роман басы мен беті жарақаттанған күйі ауруханаға жеткізілген. Ал шабуыл жасағандар Романның отбасына қысым көрсетіп, полицияға шағымданбауға мәжбүрлемек болған.
Инна Паукова алғашқыда полиция тарапынан ешқандай ресми құжат берілмегенін, тек прокуратураға жүгінгеннен кейін ғана қылмыстық істің тіркелгенін айтып отыр.
«Олар бізді балағаттап, қорқытты. Таныстарын араға салып, татуласуға көндіргісі келді. Бірақ мен үнсіз қала алмаймын. Бұл менің ұлымның өмірі», — дейді ол.
Облыстық полиция департаменті шабуыл болған күні «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі таңда қақтығысқа қатысқандар анықталып, олардан жауап алынған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық