Полиция капитаны 15 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: Pexels
Қостанайда полиция капитаны азаматқа есірткі беріп, қастық жасағаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұл туралы жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
«Сотталушының жеке басын, іс-әрекетінің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, істің барлық мән-жайларын ескердік. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 55-бабы 2-бөлігінің нормаларын қолдана отырып, сотталушыға үкім шығарылды. Өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыру және 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол «полиция капитаны» деген атағынан айырылды», деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД.
Қостанай қаласы ІІД есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімі бастығының орынбасары белгісіз полиция қызметкерлері тобымен бірлесе отырып, дене жарақатын келтіру және қорқыту арқылы бір азаматты екіншісіне аса ауыр қылмыс жасауға итермеледі. Оның мақсаты - кейіннен әшкерелеп, қылмыстық жауапкершілікке тарту болған.
«Аталған шенеунік қызметтік көлікте отырып, қылмыстық әрекетті имитациялайтын адамға заңсыз, бірнеше рет психотроптық заттар мен олардың аналогтарын аса ірі көлемде сатқан», – деді сот.
Көліктен аса ірі көлемде өткізу мақсатында заңсыз сақтаған және тасымалдаған гашиш пен меткатинон (психотроптық заттың аналогы) табылды.
Полиция қызметкері кінәсін мойындамады, оның әрекетінде қылмыс құрамының жоқтығына байланысты қорғаушылар ақтауды сұрады.
«Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, тергеу әрекеттері хаттамалары мен бейнематериалдарымен, сот-медициналық сараптама қорытындысымен және басқа да іс материалдарымен толық дәлелденді» деп есептейді сот.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық