Полиция із-түзсіз жоғалған жасөспірімнің күдікті екенін айтты
Фото: Envanto
Алматыда 28 шілдеде жоғалған 16 жастағы Айдос Әкімбаевты іздестіру шаралары аяқталды. Оның анасының айтуынша, баласын әлдекімдер бірнеше апта бойы ұрлап әкетіп, күштеп ұстап отырған. Ал полиция жоғалған баланың алаяқтық бойынша күдікті екенін, үйқамақта болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Айдос Әкімбаевты ұстағандардың нақты мақсаты туралы да толық ақпарат жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
28 шілде күні таңертең Айдос Мамыр-3 шағын ауданында қоқыс тастау үшін үйінен шығып, сол күйі жоғалып кеткен. Соңғы бейнемазмұнды қарасақ, камералар оның 10:53-те бір үйдің маңында жүргенін түсіріп алған. Алайда контейнерлерге бағытталған бейнемониторинг камералары істен шыққандықтан, ары қарай ештеңе көрінбейді.
Осы оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Іздеу жұмыстарына туыстары мен еріктілер қосылды. Жасөспірімнің анасы әлеуметтік желілерде үнемі үндеу жариялап, ұлының фотосуреттерін таратып көмек сұрады.
22 тамызда анасы Айдостың аман-есен табылғанын хабарлады. Оның айтуынша, ұлын үш белгісіз ер адам күштеп көлікке отырғызған. Бұл оқиға қоқыс контейнерлері жанындағы тұрақта болған. Олар Айдостың кілттері мен ақшасын тартып алып, кейін оны Шымкентке алып кеткен. Әйелдің айтуынша, ұлын бірнеше күн бойы жертөлеге қамап, ұрып-соққан.
Кейін оны Түркістан облысына апарған. Ол сол жерде жанармай құю станциясына тоқтаған кезде қашып кеткен. Жасөспірім тас жол бойында адасып, көшеде түнеген. Ақырында ол анасына кездескен. Әйел ұлын тапқан кезде оның үстінде үйден қоқыс тастау үшін шыққан кездегі киімі болыпты.
Әйелдің сөзінше, ұлының өңі қашып, қатты қорқып, тозып кеткен. Сонымен қатар, анасы ұлын табуға полицияның көмегі тимегенін атап өтті. Отбасы болған оқиға туралы толық ақпаратты кейінірек ұсынатындарын мәлімдеді.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше бұл азаматтың ірі мөлшерде алаяқтық жасауға қатысты қылмыстық іс бойынша күдікті екендігі анықталды.
«Кәмелетке толмағандығы ескеріліп, оған бұрын үйқамақта ұстау шарасы таңдалған болатын. Алайда, ол бұл шараны бұзып, іздеу жарияланды. Соңында сот бұл санкцияны қамауға алу шарасына өзгертті. Қазіргі уақытта іздестірілген азамат табылып, ұсталды. Медициналық тексеру нәтижесінде оның дене жарақаттары анықталмады. Денсаулық жағдайы тұрақты. Жоғарыда таралған ұрлау туралы ақпаратқа қатысты тексеру жүргізіліп жатыр» деп мәлімдеді полиция департаменті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық