Полиция Хасан Қасымбаевты қамауға алды
Фото: instagram / Хасан Қасымбаев
Алматы облысының құқық қорғау органдары күтпеген операция жүргізіп, Талғардағы атышулы Хасанды 2021 жылы жасаған қылмысы үшін қамауға алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол марқұм Шерзаттың өлімінен кейін «Хуторлықтар» деп аталатын қылмыстық топтың серкелерінің бірі деп аталып келді. Алайда оны полиция 2021 жылы біреудің денсаулығына ауыр зақым келтіргені үшін ұстады.
Orda.kz тілшісі Алматы полиция басқармасына хабарласқан болатын.
«2024 жылғы 2 қарашада азамат Қ. 2021 жылдың маусымында азамат А.-ға қасақана ауыр зиян келтіру және ұрлау күдігімен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстардың барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - деп жауап берді полиция басқармасы.
Ал «хуторлықтар» атты топ — жергілікті тұрғындардың айтуына қарасақ, қаланы қорқынышта, ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап келді.
Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубай Нұрымов, ұлы Шерзат Полат және ағасымен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат Полат қаза болды.
Марқұмның туыстары оқиғаға Хасан мен оның тобының қатысы бар деп мәлімдеп, Талғар әкімдігі алдында митинг өткізген болатын.
Бұдан кейін марқұмның отбасының үйін қасақана өртеп кетті.
Еске сала кетейік, Хасан Қасымбаевтың інісі Ержан Қасымбаев 2017 жылдан бері кеденші Медет Жамашевті өлтіргені үшін түрмеде отыр. Ал Шерзаттың өлімінен кейін, 15 қазанда Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы болып отырған Аслан Қасымбаев қызметінен босатылды.

Аслан Қасымбаевтың Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы болып отырғанына екі жылдан асқан. Оған дейін ол Талғар ауданының Белбұлақ ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген.
Дәл осы күні15 қазан Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков пен оның орынбасары Сағындық Матан қызметінен босатылғаны белгілі болды.
Бұған дейін ІІМ мәлімдемесінде «хуторлықтар» жайлы сөзді жоққа шығарып, елімізде ешқандай қылмыстық топ жоқ екенін айтқан еді. Тергеу ісі жайлы толығырақ мына сілтемеден оқыңыз.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған бар оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Еске сала кетейік, бұл шудан соң күдікті ретінде кейінірек ұсталғандардың бірінің анасы Қазакенова Лейла бейнеүндеу жасап, баласының оқиға орнында болмағанын айтты. Оның айтуынша БАҚ-та тараған 13 адам деген сөзге бола, адам санын толтыру үшін оның баласы мен досын ұстап әкеткен.
Еске сала кетсек, Хасан Қасымбаев Orda.kz тілшісіне сұхбат беріп, өзінің ешқандай қылмыстық ұйымға қатысы жоқ екенін айтқан болатын.
Ал әлеуметтік желілерде #шерзатүшін хэштегімен суреттер таралып жатыр. Қазірдің өзінде бұл суретті 730 мың пайдаланды.
Жаңалықтар
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров
- Алматыда суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр: Екі ортада сәби тастанды атанды
- «Балаларымды көрмегеніме бір ай болды». Шымкентте кәсіпкер мен тоқалының арасында дау шықты
- Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев әлемдік миллиардерлер тізіміне енді
- Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағынан айырылды
- АҚШ Ормуз бұғазы маңында Иранның 16 мина қоятын катерін жойды
- 380 азамат «Sirius Energy» қаржы пирамидасының құрбаны болды
- Иран теңізге мина қоя бастады, АҚШ «теңдессіз соққымен» сес көрсетті. Таяу Шығысқа шолу
- Зеленский: Үшжақты келіссөздердің кезекті раунды келесі аптада өтуі мүмкін
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады