Полиция генерал-майоры Halyk Bank-тің топ-менеджері болды
Фото: Қостанай облысы полиция департаменті
Halyk Bank басқармасына Тимур Құлыбаев бақылайтын екі жаңа мүше қосылды. Олардың бірі – Қазақстандағы есірткі саудасына қарсы күрестің бұрынғы басшысы, полицияның генерал-майоры Тілеген Маткенов, деп хабарлайды Orda.kz.
KASE сайтында 13 наурызда жарияланған құжатқа сәйкес, Halyk Bank басқармасының құрамы тоғыз адамға дейін кеңейтілді. Қауіпсіздік мәселелеріне жауапты Тілеген Маткеновтен бөлек банктың топ-менеджері болып IT бағыты мен инновацияларды қадағалайтын "Казтелепорт" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Андрей Заварзин тағайындалды.
Тілеген Маткенов ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері, 2014 жылдан бері полиция генерал-майоры. Ақмола (2009–2012), Қостанай (2012–2016), Жамбыл (2016–2018) облыстарының ішкі істер департаменттерін басқарған. 2019–2022 жылдары ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы болды.
Halyk Bank қауіпсіздік бағытын күшейту туралы шешімді Павлодардағы бөлімше қабырғасын жарып, тонау оқиғасынан кейін қабылдады. Қызығы, он жыл бұрын Қостанай облыстық полициясын басқарған кезде, жергілікті БАҚ Тілеген Маткеновтың өзі қарақшылықтың құрбаны болғанын хабарлаған. Журналистердің айтуынша, тоналған таунхаустағы брендті швейцариялық сағаттар мен зергерлік бұйымдар Маткеновке тиесілі болған. Полиция бұл нұсқаны жоққа шығарғанымен, ұрлық болған мекенжайда Маткеновтың тұрғаны расталды. Ал департамент басшысы таунхаусқа досының оны айына 10 мың теңгеге уақытша кіргізгенін мәлімдеген.
Генерал-майордың есімі басқа жағдайда да аталды. 2022 жылы Қаржы мониторингі агенттігі заңсыз майнингке қарсы күрес туралы есебінде Қазақстанда «МВД департаментінің экс-басшысы Тілеген Маткеновпен байланысы бар компаниялар заңсыз майнингпен айналысқанын» хабарлаған.
Павлодардағы Halyk Bank бөлімшесін тонау оқиғасынан кейін Ұлттық банк елдегі барлық банктік мекемелер үшін қауіпсіздік нормаларын күшейтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық