«Полиция ескертпей жерлеген»: Ақтөбелік тұрғын ағасын зираттан тапты
Фото: freepik.com
Ақтөбелік Жанат Иманғалиева туған ағасының қазасы туралы 2 айдан кейін білген. Ол 51 жастағы ер адамның суға батып кеткенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Nur.kz порталының хабарлауынша, Жанат Иманғалиева бауырының 2 ай мәйітханада жатқанын білмеген. Оның айтуынша, полиция қайтыс болған бауырын ешкімге ескертпей жерлеп тастаған.
«Ағам 26 маусымда қайтыс болыпты. Оны 11 қыркүйекте Заречный ауданындағы полиция бөлімшесіне барғанымда естіртті. Оған дейін хабарсыз кеткен. Таныс, білетін адамдардан сұрастырсақ та хабар ала алмаған едік. 26 маусымда суға кетіп қайтыс болған екен. Мен қатты ашуландым. Екі жарым ай бойы неге хабар бермеген? Олар «үйіне бардық, ешкім болған жоқ» деп түсіндірді. Негізі үйге хабар айтып адам келмеді. Бұл қалай болды деп сұрағанымызда полицейлер ағамның Қарғалы өзеніне екі адаммен суға түсуге барғанын, сараптама оның бойынан 3 пайыз алкоголь анықтағанын, суға батып кеткенін айтты. Қасындағылар сол жерде полиция қызметкерлерін, құтқарушыларды шақырған. Үш сағаттан кейін шығарып, кейін мәйітханаға апарған. Денесінен зорлық-зомбылық белгілерін анықталмағанын айтты. Осы екі айдың ішінде учаскелік полиция не тергеуші бізге келген емес», - деді Жанат Иманғалиева.
51 жастағы ер адам жалғыз тұрған көрінеді. Ажырасыпты. Анасы мен қарындасы тұратын үйге он күнде бір келеді екен.
«Оның өмірден өтіп кеткенін естігенімізде төбемізден жай түскендей болды. Туыс-тумаларын іздеместен, қаңғыбас адам секілді жерлеп тастаған. Полиция мойындап, кешірім сұрады. Ағамды бауырластар зиратына басына нөмір жазып, жерлеп тастаған. Журналдарына ағамның аты-жөнін Жақаев Аман Тыныштықұлы деп толық жазған. Біз полицияға 11 қыркүйекте бардық. Ал ағам 6 қыркүйекте жерленген. Бір аптаға кешігіп қалыппыз. Мен наразымын. Полиция департаментіне анамды ертіп бардым», - дейді марқұмның қарындасы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық