«Полиция басшылығы жемқор»: ІІМ Маңғыстау полициясын аяғынан тік тұрғызды
Фото: Orda.kz
Ақтауда бүгін құқық қорғау органдарының жұмысына қысым жасалған жағдай болды. Өңірге ІІМ-нің арнайы комиссиясы шұғыл жетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Тексерудің себебі — желіде тараған анонимді хат. Белгісіз авторлар Маңғыстау облыстық полиция департаменті басшылығын бюджет қаржысын жүйелі түрде жымқыруға қатысы бар деп айыптайды.
«Департамент басшысы Сағындық Аяғанов сыбайластары арқылы мемлекет бөлген қаржыны өздеріне аударып, жалған сатып алуларды рәсімдейді, тендерлерде алдын-ала келісілген компаниялардың жеңуін қамтамасыз етеді. Жұмыс істелмесе де, актілерге қол қоюға мәжбүрлейді» деп жазылған анонимді хабарламада.
Хат авторлары жүздеген миллион теңгенің ұрланғанын айтып, президенттен тексеру бастауды сұраған. Бұл ақпарат өңірдегі құқық қорғау жүйесінде айтарлықтай дүрбелең тудырып, әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Пікір қалдырушылар: «жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды» дейді.
Алайда полиция департаменті тексеруге Сағындық Аяғановтың өзі бастамашылық еткенін айтты.
«Департамент басшысы анонимді хатта көрсетілген мәліметтерді тексеру үшін ІІМ мен тиісті органдарға өзі хат жолдады», деп хабарлады ведомство.
Сонымен бірге ол комиссия құрамына мәслихат депутаттары мен қоғам өкілдерін тартуды ұсынған. Бұл, ведомствоның айтуынша, процестің ашық әрі объективті өтуін қамтамасыз етуі тиіс.
Енді комиссияның міндеті — жарияланған айыптаулардың негізі бар-жоғын анықтау.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық