Полицияға шақырылған Orda.kz тілшісінің әрекетінде заң бұзушылық жоқ - сараптама
Суретте Исламбек Дастан. Фото: Тараз гарнизонының баспасөз қызметі
Полицияға жауап алуға шақырылған Orda.kz журналисі Исламбек Дастанның сөзі мен іс-әрекетінде ешқандай заң бұзушылық жоқ. Бұл сот сараптамасы орталығының Жамбыл облысы бойынша филиалының журналистке берілген құжатында көрсетілген.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Исламбек Дастанның айтуынша, құжатты оған істі жүргізуші тергеуші «Біле тұра жалған ақпарат тарату» бабы бойынша көрсеткен. Бұл баптың санкциясы 1000 АЕК көлемінде айыппұлдан үш жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.
Өткен аптада Тараздағы екі журналист Жамбыл облысындағы жарылыстардан кейін «жалған ақпарат таратқан» деген айыппен полицияға шақырылды. Orda.kz редакциясының Тараздағы меншікті тілшісі және Turaninfo.kz редакциясының штаттан тыс тілшісі Исламбек Дастан куәгер ретінде, 7-арнаның тілшісі Данияр Әлімқұл - қорғаушы құқығымен куә ретінде шақырылды.
- Мен өз кінәмді мойындамаймын, себебі мен кінәлі емеспін. Менің куәгер ретінде тартылуым дұрыс емес деп ойлаймын. Айтқан әрбір сөзім үшін заң алдында толық жауап беруге дайынмын. Тергеуге толықтай көмектесемін, телефонымды өз бастамаммен өткіздім, ондағы барлық бейнелерді көрсетіп, дискіге жазып бердім, - деп түсіндірді Исламбек Дастан.
Orda.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаевадан тараздық журналистерді өз қорғауына ала ма деп сұрады. Балаева «шағымның негізділігі туралы тек іспен танысқаннан кейін айтуға болады» деп жауап берді және «егер журналистердің құқықтары бұзылғандығы анықталса, оларды жеке өзі қорғауға дайын» екендігін айтты. Біраз уақыттан кейін ІІМ журналистерді жауап алуға шақыру жағдайына екіұшты жауап берді және «журналистер таратылатын ақпараттың сенімділігін тексеру үшін шаралар қолдануды ұмытпауы керек» деп атап өтті.
Өз кезегінде, «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Калеева журналистердің құқығы күнделікті бұзылып жатыр деген ойымен бөлісті.
Еске салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Өрт салдарынан белгісіз заттардың жарылуы болды. Жарылыстан кейін 93 адам ауруханаға жатқызылды. 17 адам көз жұмып, бір адам әлі табылмады. Жүзге жуық адам жарақат алды. Облыс әкімдігінің мәліметінше, 106 тұрғын үй, 12 коммерциялық нысан мен үш мектеп зақымданған. Әкімдік екі айдың ішінде үйлерді қалпына келтіруге уәде берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық