Полицейлер жаңғақ сатқан 75 жастағы әжейге дөрекілік танытқан
Желіде өз бетінше жаңғақ сатып отырған әжейді жауапқа тартқысы келген полицейлердің видеосы тарады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Instagram парақшалардың бірінде 75 жастағы әжей орын алған жағдайдан кейін күйзеліске ұшырағанын жазды. Видеода бірнеше куәгерлер қарияны жақтап жатқанын көруге болады.
– Көмек сұрайын деп едім. Бүгін, 24 қазанда Қырғы базарда мынандай оқиға орын алды. Шетте 3-4 келі жаңғағын сатып отырған қарияға екі полицей дөрекілік танытты. Қара бетперде киген полицей әжеймен дөрекі сөйлесіп, телефонын тартып алды. Ол ұлына қоңырау шалып үлгермеді. Әжейдің жағдайы нашарлап кетті. Куәгерлер олардың арасына түсті. Полицейлер өзін таныстырмады да. Мен олардың артынан барып, екеуінің аты-жөні мен қызметін сұрайын деп едім, жауап бермеді, - деді жазба авторы.
Шымкент қалалық ІІБ оқиғаның Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында рейд кезінде орын алғанын айтты.
«Бұл бейнежазба бойынша қызметтік тергеу басталды. Тексеруден кейін полицейлерге қандай шара қолданылатыны белгілі болады» делінген Шымкент қалалық ПД хабарламасында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық