Полицейлер Қытай консулдығы алдына келген 70-тегі қарияны қайта алып кетті
Фото: Orda.kz / Асан Анарбайұлы
Бүгін, 8 желтоқсан күні Алматы қаласындағы Қытай консулдығы алдына екі белсенді жақындарын іздеп қайта келген. Бұл жолы да оларды Медеу ауданының полициясы ұстап алды.
Бұл туралы ұсталған наразының бірі Нұрзат Ермекбай Orda.kz редакциясына хабарлады.
Оның айтуынша, полицейлер ағасын іздеп келген өзінен басқа 70 жастағы үш ұлына іздеу салған Қалида Ахытханқызын да алып кеткен.
Бұл 70-тегі қарияның алғашқы ұсталуы емес. Ол бұған дейін Республика сарайы алдына журналистерге сұхбат беруге келіп, полиция бөлімшесінен бірақ шыққан.
Шыңжаңдағы туыстарын босатуды талап еткен бір топ қазақстандық он айдан бері Қытай консулдығының алдында наразылық өткізіп келеді.
Айта кетсек, халықаралық қауымдастық 2017-2018 жылдан бері Қытайдың Шыңжаң түркітілдес этностарды жаппай «қайта үйретуге» шақырта бастаған саясаты «геноцидке» ұласқанын сынап келеді. Концлагерь тәрізді нысандар туралы түрлі ірі зерттеулер жүргізілсе де Бейжің мұны мойындамайды. Бірнеше жылдан бері қазақстандықтар көрші елдегі туыстары мен отбасы мүшелері қысым көріп, жазықсыз сотталып жатқанына наразы. Қазақстан билігі Қытайдағы қандастардың мәселесі бөтен елдің ішкі саясаты деген ұстанымда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық