Полицейлер өздерімен бірге есірткі қолданған адамды соттап жіберді
Фото: Pexels
Полиция қызметкерілері айыптыны бірнеше рет синтетикалық есірткіні бірге қолдануға мәжбүрлеп, әбден сеніміне кіріп алған қызметкер оған синтетика сатып алу үшін ақша берген. Артынша әріптесімен тергеу жұмыстарын жүргізді. Олар ұстаған азамат ақталды.
Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
Бас прокурордың араласуымен Жоғарғы Сот төменгі инстанциялардың актілерін күшін жойып, сотталушыны ақтады. Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі полиция қызметкерлеріне қарсы тергеу жүргізіп жатыр.
«Сотталғанның қорғаушысы оның синтетикалық есірткі сатқанымен келіспей, арызданған. Ол өтінішхатында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері тарапынан арандатушылық әрекет болғаны туралы уәж көрсеткен. Істі зерделей келе, полиция қызметкері бастапқыда сотталғанды синтетикалық есірткіні бірге қолдануға көндіргені, оның сеніміне кіріп, қызметкер синтетикалық заттарды сатып алуға ақша бергені анықталды, кейін ол әріптесімен бірге жедел-іздестіру және жасырын тергеу әрекеттерін (бұдан әрі –ЖТӘ) жүргізіп, сотталғанды психотропты зат сату барысында ұстаған», — деді Бас прокуратура өз мәлімдемесінде.
Жыл басынан бері Бас прокуратураға шамамен 8 мың өтініш түсті. Олардың жартысынан көбі сот шешіміне қатысты шағымдар. Ақыры 85 адамның мүддесіне наразылық енгізілді, 27 сотталушының жағдайы жақсарды, 5 адам ақталды және 14 сот актісі күшін жойып, жаңа сот қарауына жіберілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық