Полицейлер қазақстандықтар басқарған трансұлттық қылмыстық топты анықтады
Фото: Pixabay
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі алғаш рет қазақстандық қылмыстық орта өкілдеріне қатысты трансұлттық қылмыстық желі құрды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Orda.kz.
Polisia.kz мәліметінше, ҚР ІІМ алғаш рет халықаралық қылмыстық топтың қазақстандық жетекшілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тергеп-тексерудің нысаны – үйлестіру орталығы елімізде орналасқан ірі трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ.
Тергеушілер бірнеше қылмыстық істі қарастырып жатыр, олардың ішінде Қазақстан азаматтары қылмыстық қудалау нысанына айналды. Олар Қазақстанда және шет мемлекеттерде ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған деп күдіктелуде. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар бірнеше елді қамтитын қылмыстық желі құрған.
ҰҚК, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Бас прокуратурамен бірлесіп, тергеу тобы дәлелдемелер базасын жинауда, оның ішінде мемлекетаралық деңгейде де жұмыстар жүргізілуде. Жалпы алғанда, 150-ден астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
«Қазіргі уақытта трансұлттық сипаттағы белгілері бар ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты жеті қылмыстық іс және қылмыстық қауымдастық құру фактісі бойынша бір іс тергелуде», – деп нақтылады ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуаныш Алпыс.
Бұдан бөлек, Алматы қалалық Полиция департаменті қылмыстық топ мүшелерінің ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуде. Олар күзет қызметін жамылып, негізінен бұзақылық, бопсалау және қару сақтау әрекеттерімен айналысқан. Олардың заңсыз әрекеттері биыл қаңтар айында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері арқылы тоқтатылды.
«Соңғы екі жыл ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру, басқару және олардың құрамына қатысу фактілері бойынша қозғалған 90-нан астам қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды. 13 ҰҚТ бойынша сот үкімдері шығарылды. 130-дан астам тұлға 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», – деп мәлімдеді Қуаныш Алпыс.
Сондай-ақ, ол Qarmet АҚ нысандарынан ұрлық жасаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты көпэпизодты қылмыстық іс бойынша 24 адам түрлі мерзімге сотталғанын, оның ішінде топ басшысы 12 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлады.
ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық құрылымдардың жетекшілері мен қатысушыларына қатысты 51 қылмыстық іс қозғалды.
Алматыда адамдарды қорқытып, қару қолданып шабуыл жасаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ 10 маусымда ҰҚК және ІІМ арнайы операциясы барысында залалсыздандырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық