Полицейлер есірткі тасымалдаған күдіктіні ұстады
Қызылордада полицейлер есірткі тасымалдаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ORDA. Polisia.kz сілтеме жасап.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында «Самара-Шымкент» тас жолының бойында Қызылорда облысы ПД қызметкерлері «ВАЗ-2115» маркалы автокөлікті тоқтатқан.
– Полиция қызметкерлері көлікті тоқтатқан кезде жүргізуші автокөліктің алдыңғы терезесінен полиэтилен пакетке салынған затты лақтырып жіберген. Тексеру барысында пакеттің ішінде жасыл түсті, ерекше иісі бар зат бар екені анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес оқиға орнынан табылған зат – жалпы салмағы 464,84 гр кептірілген марихуана болып шықты. Көлік тізгінінде Қызылорда қаласының 40 жастағы тұрғыны отырған, делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық