Полицейге 1000 теңге ұсынған азамат жарты миллион айыппұл арқалады
Коллаж: Orda.kz
Жезқазғанда мамандандырылған әкімшілік сот жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін хаттама толтырудан қашпақ болған азаматтың ісін қарады. Ол жазадан құтылу үшін жол сақшысына 1000 теңге ұсынған, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 2024 жылғы 20 қазанда болған. Патрульдік полиция инспекторы азаматтың 1000 теңге көлемінде пара беру әрекетін дер кезінде тоқтатып, бұл туралы құзырлы органдарға хабарлаған.
Сот отырысында азамат С. өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Нәтижесінде оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 676-бабына сәйкес 516 880 теңге айыппұл салынды.
Соттың шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық