Полицей қаржылық пирамидаға салған ақшасын қайтарамын деп сотталып кетті
Ақтөбелік полицей қаржылық пирамидаға ақша салып, оны қайтаруға тырысқаны үшін 7 жылға сотталды.
Диапазон басылымының хабарлауынша, №3 полицияның жедел бөлімінің қызметкері екі досымен бірге қала тұрғынын жанармай құю бекетіне, кейін саяжайға алдап апарған. Олар оны бірнеше күн бойы сонда ұстап, ақша мен «Ауди» маркалы көлігін беруді талап еткен. Ер адам бопсалаушылардың бірінің әкесінің атына көлікті жазып беріп, 9 млн теңге ақшаны бергеннен кейін босатылған.
Сотта полицей осылайша ақшасын қайтарып алмақ болғанын айтты. Оның айтуынша, ол «Пайдалы несие» («Выгодный займ») қаржы пирамидасына 1 млн теңгеден астам қаржы салып, басқа біреудің атына депозит ашқан. ЖШС банкротқа ұшыраған кезде полицей ұйымдастырушыны тауып, ақшасын қайтарып алуды жөн көрген. Ол өз әрекетін бопсалау емес, өз бетімен әділдік орнату деп бағалады.
Оның айтуынша, моральдық тұрғыдан жәбірленушіге қысым көрсетпеген және қорқытпаған. Бірақ, соттың мәліметінше, ол да, оның екі сыбайласы да қаржы пирамидалары бойынша жәбірленуші болмаған, олардың атында «Пайдалы несие» ЖШС-де есепшот болмаған.
Нәтижесінде экс-полиция қызметкері бопсалау үшін 7 жылға, оның екі сыбайласы сәйкесінше 6 және 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша айып тағылды, бірақ жәбірленуші оларды кешіріп, іс тоқтатылды.
Кейін жәбірленуші «Пайдалы несие» және «Гарант 24 Ломбард» қаржылық пирамидалары бойынша айыпталушыға айналды. Іске барлығы 48 адам қатысты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық