Пойыз билетінің бағасы қымбаттайды
фото: pixabay.com
Бұл шешім пойызда көрсетілетін қызмет сапасын арттыру және теміржолшылардың жалақысын көтеруге байланысты.
Бұл туралы көлік министрлігі хабарлады.
Пойыз құнының жаңа тарифі 1 қазаннан бастап күшіне енеді. Пойызға құны жоғары билеттер 45 күн ішінде – тамыз айының ортасынан бастап сатыла бастайды.
Көлік министрлігі баспасөз қызметі елімізде 14 теміржол тасымалдаушысы жұмыс істейтінін және жолаушылар пойызы 140 бағытта қатынайтынын айтты. Оның 62-сінде тарифтің қымбаттайтыны белгілі болды.
Шенеуніктердің дерегінше, билет құнының өсуі тікелей қызмет көрсету сапасымен байланысты. Себебі, соңғы 10 жылда инфляция деңгейіне индекстеу шараларын есептемегенде, әлеуметтік маңызы бар салалардың тарифі өзгеріссіз қала берген.
«Пойыздарда көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, сонымен қатар теміржолшылардың жалақысын көтеру жоспарланып отыр. Қазір біздің елде осы бағыттарда 2667 вагон жүреді, тозу деңгейі өте жоғары – 44%», — деп түсіндірді көлік министрлігінің ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.
«Тальгоның» бағасы шамамен 19 493 теңге, стандартты пойыздардағы купе құны — 19 653 теңге, плацкартта — 12 871 теңге. Қала маңындағы пойыздарға билет құны 6 314 теңге болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық