Пойыз апатынан 140-қа жуық адам жарақат алды
Фото: Блокнот Волгоград
Ресейдегі 29 шілде күні болған пойыз апатының себептері белгілі болды. Жүк көлігімен соқтығысқан апатта 803 жолаушының 140-қа жуығы жарақат алды. 16 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың 1-уі бала,13-і ересек жолаушы және 2-уі жолсерік.
Бұл туралы «Ресей темір жолы» хабарлады.
Бұл оқиғаға «Ресей темір жолы» КамАЗ жүргізушісі кінәлі деп отыр. Олардың айтуынша жүк көлігінің жүргізушісі пойыздың жақындап келе жатқанына және дабыл жүйесінің жұмыс істеп тұрғанына қарамастан, өткелге қарай жүріп кеткен.
«Локомотив бригадасы нұсқаулыққа сәйкес бұл жағдайда барлық қажетті шараларды жасады. Жүргізуші шұғыл тежегішті басқанымен, қашықтық тым жақын болғандықтан соқтығыспау мүмкін болмады. Пойыз жылдамдығы сағатына 65 шақырым болды», – деп хабарлады Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі.
Қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы әзірге белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, Қазан-Адлер бағытындағы пойыз апаты 29 шілде түсте Ресей Федерациясының Волгоград облысында болған.
Жаңалықтар
- Көпжылдық сенім қылмысқа ұласты: Жетісу тұрғынының 46 млн теңгеге бағаланған малы ұрланды
- Маңғыстау даласын қоқыс жапты: Аймақ даулы бейнежазбадан кейін тазартылды
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген