Пласидо Доминго Димаш Құдайбергенді дуэт айтуға шақырды
Әлемге әйгілі опера әншісін қазақ орындаушысының шығармашылығымен немересі таныстырды.
Олар Доминго да, Құдайбергенов те қазылар алқасында отырған «Виртуози» еуропалық телебайқауда кездесті.
«1999 жылы үйде үш ұлы тенордың концерті жазылған кассета болды. Ол кезде жылдар өткен соң ұлы Пласидо Домингомен бірге Еуропадағы ең қызықты «Виртуози» телешоуының қазылар алқасының мүшесі болатыным үш ұйықтасам түсіме кірмеген», - деп жазды Димаш Instagram парақшасында.
Ал жарияланған видеода аты аңызға айналған Доминго Құдайбергенге ол туралы барабаншы немересінен білгенін айтады.
«Ол барабаншы және ол сізді YouTube-тен көрген. Бұлай ән айтуға деген таңданысын жасырмады. Ол сенің алты октаваң бар деді. Бірақ ең таңғаларлығы, олардың бәрі бірдей құндылық», - деді Доминго.
Маэстро Димашты дуэт айтуға шақырды.
«Мен 20 жасымда өз дауысыммен ән айта алатынмын. Қазір мен тенорға арналған тесситураны сағындым. Бірақ сіздің жасыңыз ұлғайғанда бұндай қиындық болмайды деп ойлаймын. Керемет дуэт жазамыз. Ыңғайлы болса, ертең репетиция жасайық, - деп ұсыныс жасады Доминго.
Қазір испандық опера әншісі әрі дирижер 82 жаста. Оның сахнада жүргеніне жарты ғасырдан асты. Осы уақыт ішінде Пласидо Доминго 150 басты опералық рөлді асқан шеберлікпен орындады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық