Плагиат немесе түпнұсқа: қазақ фильмдері қай бағытта өрбуде ?

cover

Қазақстан көрермендері «көгілдір экранда шетелдік кинолардың қазақшаланған нұсқасын көреміз?», «неге біздікілер өздері жаңа дүние шығармайды?» деп, жаңашылдық көргісі келіп сөгіп жатады.

Осы тұста Orda.kz редакциясы Қазақстанның жетекші режиссерлерінің бірі Асқар Бисембинмен байланысқа шықты.

Асқар Бисембин – «Замуж в 30», «Больше чем кино», «Свадьба на троих», «Адель» сынды көпшілікке таныс фильмдердің режиссері.

Асқар, сіздің ойыңызша қазір отандық киноға не жетпейді?

– Білім, ақша, шабыт...

Өзіңіз шабытты қайдан аласыз? Кино түсіруге сізді не итермелейді?

– Мұнда белгілі бір нұсқаулық жоқ. Кез келген дүние шабыттандырып, жаңа туынды шығаруға итермелей алады.

Плагиат туралы не ойлайсыз? Плагиатты қолдану қандай жағдайда өзін-өзі ақтайды?

– Плагиатқа қарағанда түпнұсқа әлдеқайда жақсы емес пе?!

Командалық және актерлік құрамға препродакшн кезінде әдетте қандай референстарды көрсетесіз?

– Міндетті түрде көрсетемін. Барлығы киноның жанрына қарай. Маған көбіне батыстың фильмдері ұнайды.

Реферанс - фильм арқылы басқа фильмнің сюжетіне сілтеме жасау.

Фильмдеріңізге қаншалықты жиі танымал адамдарды шақырасыз? Ол не үшін қажет?

– Көбіне талантты адамдарды шақырамын. Егер олар сонымен қатар танымал болса, мүлде қатып кетеді. Танымал адамдар түссе, киноны көруге көбірек адамдар келеді.

Түсірілімге тәжірбиелі актерлерді шақырасыз ба, әлде ондайға қарамайсыз ба?

– Міндетті түрде актер тәжірибелі болу керек.

Сіздің өзіңіздің шығармашылық жолыңызға көңіліңіз тола ма?

– Режиссерлер әдетте өзі түсірген дүниені көруді ұнатпайды. Бірақ маған «Адель» фильмім ерекше ыстық.

Фильмдеріңіз арқылы көрерменге не бере аласыз? Жасырын жеткізетін ойларыңыз бар ма?

– Барлық дерлік фильмде жасырын ой болады. Мен көбіне отбасылық құндылықтарды, адамгершілікті, білім мен тәрбиенің маңыздылығын дәріптеймін.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар