«Барлау жүйесін іштен бұзу»: Трамп командасы АҚШ арнайы қызметтерінің хаттамаларына қол жеткізбек
Фото: AP
АҚШ-та барлау саласындағы құпия мәліметтерге қатысты жаңа дау туындады. Дональд Трамптың командасы АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (CIA), Ұлттық қауіпсіздік агенттігі (NSA) және әскери барлау қызметінің ішкі хат алмасуларына қол жеткізуді талап етуде, деп хабарлайды Orda.kz The Washington Post басылымына сілтеме жасап.
Ұлттық барлау директоры қызметін атқарып отырған Тулси Габбард бастауымен өзі құған құрған Director’s Initiative Group (DIG) тобы арнайы қызметтердің ішкі деректерін жасанды интеллект арқылы саралап, саяси астар немесе партиялар арасындағы алалаушылық белгілерін анықтамақ.
Дональд Трамп бастаған жаңа әкімшілік мемлекеттік органдарды «тазартуға» кірісті. Оның пікірінше, барлау құрылымдары соңғы жылдары саяси құралға айналып, бұрынғы қызметіне кедергі келтірген. Енді бұл құрылымдардың ішкі байланыстарын тексеру үшін DIG тобы олардың құпия хаттамаларын, чаттарын, тіпті агенттік қызметкерлерінің жоғары деңгейдегі құпия жүйелерге жазған хабарламаларын сұратқан.
Бұл деректердің көпшілігі JWICS деп аталатын арнайы қорғалған желіде сақталады. JWICS — АҚШ барлау құрылымдары қолданатын аса құпия жүйе.
The Washington Post мәліметінше, бұл бастамаға барлау қауымдастығының ішінде алаңдаушылық туындап отыр. Орталық барлау басқармасы (CIA) мен Ұлттық қауіпсіздік агенттігіндегі (NSA) жоғары шенді офицерлер бұл әрекетті ақпараттық қауіпсіздікке төнген қауіп деп бағалап отыр. Бір дереккөз «бұл мәліметтер — кез келген шетелдік барлау үшін таптырмас қазына» деп сипаттады.
Тулси Габбард — бұрынғы демократ, кейін Трампты қолдаған саясаткер. Қазір ол АҚШ-тағы барлық барлау құрылымдарын үйлестіруші қызмет атқарады. Бұған дейін ол барлау агенттіктерін «саяси бейтараптықтан айрылды» деп сынаған болатын. Енді, сол құрылымдарға жетекшілік етіп отырған кезде, олардың қызметін түбегейлі өзгертуді қолға алып отыр.
Габбард мынаны уәде етті:
- COVID-19 және «Гавана синдромы» секілді құпия құжаттарды жариялау;
- әртүрлілік, теңдік және инклюзияға (DEI) қатысты бағдарламаларды тоқтату;
- ақпараттың сыртқа шығуына жол бермеу және ішкі тәртіпті қатаңдату.
Director’s Initiative Group (DIG) — 2025 жылдың көктемінде құрылған, құрамы әртүрлі ведомстволардан жиналған қызметкерлерден тұрады. Топты бұрынғы әскери барлау офицері Пол МакНамара басқарады. DIG бұған дейін барлау қызметкерлерінің ішкі чаттарындағы «құпия емес, бірақ орынсыз» жазбаларды тергеген. Соның нәтижесінде 100-ден астам қызметкер жұмыстан шығарылған.
Енді бұл топ агенттіктердің бүкіл хат-хабарларын толық әкімшілік қолжетімділікпен алуды талап етіп отыр.
Конгресстегі демократтар бұл бастаманы барлау құрылымдарының тәуелсіздігіне төнген қауіп деп бағалап отыр. Олардың пікірінше, егер DIG бүкіл мәліметтерге қол жеткізсе, барлау агенттіктері бір партияның мүддесіне қызмет етуге мәжбүр болады.
Ал республикалықтар, керісінше, Трамп пен Габбардты қолдап, «бюрократиялық машинаға тәртіп орнатады» деп сенім білдіріп отыр.
Қазіргі таңда бірде-бір барлау агенттігі DIG тобына сұратылған мәліметтерді берген жоқ. Алайда сарапшылардың пайымдауынша, бұл тек бастамасы. Бұл текетірес АҚШ барлау жүйесінің болашақ бағытын анықтауы мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық