"Құпия келісім". Британ сотының Өтемұратовтың активтерін бұғаттау туралы шешімі күшін жойды
Ұлыбритания сотының қазақ олигархы Болат Өтемұратовтың активтерін бұғаттау туралы шешімі күшін жойды. Оған Өтемұратов пен БТА банк өкілдері арасындағы келіссөздер нәтижесінде қол қойылған "құпия келісім" себеп болған. Бұл жөнінде "Верный Капитал"компаниялар тобына сілтеме жасаған Өтемұратовқа тиесілі Informburo.kz сайты хабарлады.
Сайттың жазуынша, қос тарап арасындағы "құпия келісім" нәтижесінде ағылшын сотының Болат Өтемұратовтың активтерін бұғаттау туралы бұйрығы күшін жойған.
Ұлыбритания сотының Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі Болат Өтемұратовтың активтерін бұғаттау туралы шешіміне БТА банктің арызы себеп болған еді. Wall Street Journal (WSJ) басылымының мәліметінше, "БТА банк" Өтемұратовты "банктен ұрланған ақшаны жасыруға көмектесті" деп айыптаған.
"Forbes – Қазақстан" журналының мәліметінше, Болат Өтемұратов Қазақстандағы ең бай адамдардың қатарында төртінші орында тұр. Журналдың жазуынша, оның байлығының көлемі – 2,8 миллиард доллар. Оған активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ең ірі үштікке кіретін ForteBank-тің 87,27% тиесілі. Бұған қоса, Нұр-Сұлтандағы, Венадағы және Мәскеудегі «Ritz-Carlton» қонақ үйлері мен Ақмола облысындағы «Rixos Borovoe» қонақ үйі толықтай Өтемұратовқа тиесілі. Сонымен қатар оның тау-кен, мұнай-газ және телекоммуникация салаларында да активтері бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық