Pfizer вакцинасын қашаннан бастап ақылы түрде алуға болады
Суретте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтар қашан ақылы негізде Pfizer вакцина ала алатынын айтты.
Оның айтуынша, жыл соңына дейін вакциналарды ақылы айналымға жеткізу жұмыстары жүргізіледі.
«Маңызды шешім қабылданды. Үкімет Pfizer-ді коммерциялық сегментке жіберуді қолдады. Қазір оның механизмі әзірленуде, орындар анықталуда. Біз Қазақстанның барлық аймақтарын коммерциялық сегментте вакцинамен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз» деді министр.
Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мойындаған вакцинаны халықаралық сапарларға шығатындар ақылы түрде еге алатынын атап өтті.
Екпенің құны белгісіз. Оны бәсекелестік орта анықтайды. Алайда, ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұған дейін ақылы вакцина 2-5 мың теңге аралығында болатынын айтқан.
«Біз вакцинаны осы жылдың соңына дейін айналымға енгізуді жоспарлап отырмыз. Өңірлерге жеткізу, оның қай жерде болатын механизмдері туралы шешім қабылдаймыз. Барлық талаптарды сақтау өте маңызды. Бұл вакцинациямен айналысатын қажетті тоңазытқыштары бар нысандарда болуы мүмкін» деді Цой.
Еске салсақ, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Pfizer вакцинасының құнын айтудан бас тартты. Оның айтуынша, бұл - бұл коммерциялық құпия. Қаржылық мәселелердің ашылуы дәрі-дәрмектің жеткізілімінің үзілуіне қауіп төндіруі мүмкін.
Министр Қазақстанға Pfizer вакцинасы апта сайын келіп тұратынына сендірді.
Бұған дейін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтар Pfizer екпесін ақылы негізде салдыра алатыны туралы айтқан. Бұл ұсынысты ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қолдаған. Қазақстанға Pfizer вакцинасының екінші партиясы 20 қарашаға дейін жеткізіледі.
Әзірге вакцинаны балалар мен жасөспірімдер, бала емізетін және жүкті әйелдер тегін ала алады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық