Петропавлдық такси жүргізушілері жеті күн аза тұтады
Фото: әлеуметтік желіден
Петропавлда такси жүргізушілері қаза тапқан әріптесін еске алып, қайғырып, 14 маусымнан бастап жеті күн аза тұтатындарын жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
«Қатыгез әрі мағынасыз кісі өлтіруге байланысты қаланың барлық жүргізушілері марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Автокөліктеріміздің айнасына немесе антеннасына қара таспа байладық. Қоштасу күнінде барлық әріптестеріміз апаттық шамдарын қосып, жұмысқа шығамыз» деп жазылған жүргізушілердің хабарламасында.
Сондай-ақ олар такси агрегаторларына қосымшалардағы оқыс оқиға кезінде қосуға болатын дабыл түймесін қайтару туралы өтініш білдірді.
«Жүргізушілердің өмірі – құрғақ статистика емес. Күн сайын жолға шығатындардың қауіпсіздігіне көз жұмбауды сұраймыз».
Оқиға өткен жексенбіде Петропавлда болған. Жолаушымен болған жанжалдан кейін 60 жастағы такси жүргізушісі қайтыс болды. Осы уақыт бойы дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, аман алып қала алмады.
@social_media_kz ресурсының мәліметінше, жүргізуші жолаушыларды Подгора ауданынан алып шыққан. Ер адамдар мас болған болуы мүмкін. Жанжал салон ішінде олардың біреуі темекі шеккеннен басталған.
«Жүргізуші ескерту жасап, жолаушының темекісін тартып алған. Бірақ жолаушы тағы бір темекі шығарған. Сол жерде сөзге келіп қалған секілді. Олар межелі жерге жеткенде, жанжал төбелеске ұласқан. Жолаушы жүргізушіні ұрып жіберген. Ақсақал басымен асфальтқа құлаған», – дейді таксишілер.
Полиция күдіктінің ұсталғанын растады.
«Петропавл қаласында полиция қызметкерлері 60 жастағы такси жүргізушісіне ауыр дене жарақатын келтірді деген күдікпен азаматты ұстады. Жүргізуші алған жарақатынан қайтыс болды. Қылмыстың барлық мән-жайын және себептерін объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта басқа мәліметтер жарияланған жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық