Петропавлды Қызылжарға ауыстыру: әкімдік пікір білдірді
Фото: Википедия
Желіде Қазақстанның екі солтүстік қаласының атын өзгерту туралы онлайн петиция жарияланды.
Петиция авторы Петропавл қаласын Қызылжар, ал Павлодар қаласын Ертіс деп өзгертуге ұсыныс жасаған. Петицияға 38 мыңнан астам қол жиналды, оның 25 мыңы мұндай бастаманы қолдаса, 13 мыңы қарсы шыққан.
Петицияға Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков те жауап берді. Ол бұл петицияны жеке тұлға мемлекеттік емес сайтта жасағанын айтты. Бұл бастамаға мемлекеттік органдардың еш қатысы жоқ.
«Атын өзгерту мәселесі қала әкімдігінің күн тәртібінде тұрмағанын ресми түрде айтқым келеді. Бұл мәселе туындаған күннің өзінде оны қарау еліміздің ономастика саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қаламызда тұратын тұрғындардың пікірін ескере отырып жүзеге асады» деп жазды әкім Facebook парақшасында.
Сондай-ақ, ол азаматтарды бір-бірін сыйлауға шақырып, әлеуметтік желіде пікір білдіру кезінде жауапкершілікті еске салды.
«Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында: «Жаңа Қазақстанда біз «көзқарасы әртүрлі, ұлты бір» деген қағиданы үнемі ұстануымыз керек. Қала тұрғындарының президентімізбен ынтымақтастығына және біз әрқашан бір-бірімізбен қарым-қатынаста диалог пен ымыраға келудің жоғары мәдениетін көрсететініне сенімдімін» деп түйіндеді сөзін Болат Жұмабеков.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар Алматының атын Алма-Ата, ел астанасын Астана деп өзгерту туралы петициялар құрған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық