Петропавлда кафе ыдысын сындырған шенеунік жұмыстан босатылды
Солтүстік Қазақстан облысында Әдеп жөніндегі кеңес мас күйінде кафеде ыдыс-аяқты сындырып, содан кейін үстел басында ұйықтап қалған облыстық ветеринарлық инспекцияның басшысын қызметтен босатуды ұсынды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Есіл аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Таңатар Айқожаевқа қатысты тәртіптік іс облыстық этика кеңесінде қаралды.
Тәртіптік іс материалдарынан анықталғандай, іс-сапарда жүрген Айтқожаев пен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Сергей Калякин жұмыс уақытында кафеге барған. Олар «көңілді» отырғандықтан, даяшы полицияға қоңырау шалған.
– Олар мекеменің табақтары мен стақандарын сындырып, материалдық залал келтірді. Бұл жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды бұзды. Осыған байланысты мекеме әкімшілігі полицейлерді шақырды. Даяшының түсініктемесі бойынша Айқожаев, мас күйінде банкет залында үстел басында ұйықтап қалған, - делінген кеңес отырысында жарияланған ресми ақпаратта.
Медициналық сараптама мерекеге қатысушылардың орташа дәрежедегі алкогольдік мас күйде болғанын көрсетті.
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің алдына тек Таңатар Айқожаевтың ісі шығарылды. Ал Сергей Калякин осы жанжалды оқиғадан кейін өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш жазды. Бұл кеңес мүшелерінің наразылығын туғызды. Себебі, Калякин біраз уақыттан кейін қайта мемлекеттік қызметке жұмысқа орналаса алады.
Жұмыстан шығарыла ма, жоқ па?
Әдеп жөніндегі кеңесте Таңатар Айқожаевтың тәртіптік ісі жан-жақты қаралды. 10 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеген шенеунікті жұмыстан шығару мәселесінде тараптардың ойы екіге бөлінді.
– Мен Айқожаев туралы жаман ештеңе айта алмаймын. Ол туралы пікірім жақсы. Ол - аумақтық инспекциядағы білікті мамандардың бірі. Ол өз жұмысын дұрыс атқарады. Айхожаев ауданның үш бөлімін басқарады. Ол құнды маман, - деді шенеуніктің тікелей басшысы, Солтүстік Қазақстан аумақтық инспекциясының басшысы Марат Ибраев.
Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Инесса Куанова да бұл құқық бұзушылық үшін қатаң сөгіс жеткілікті деп есептейді.
– Айқожаев кафеде жалғыз емес, басшылықпен, сонымен қатар этика жөніндегі уәкіл Сергей Калякинмен бірге болды. Аудандық қызметкерге қарағанда басшыға қаталырақ қарау керек. Иә, Айқожаев жұмыс уақытында басшымен бірге кафеге барды. Біз нақты жағдайды білмейміз. Мүмкін, Калякин ұсыныс жасаған болар? Аудан басшысына бағынбай қайда барсын? Кафеде ішімдік ішу фактісі этиканы бұзу болып табылмайды. Жалғыз қателігі - ол жұмыс уақытында сол жерде болғаны, - дейді Инесса Куанова.
Ол бұған дейін мемлекеттік қызметкерлер тарапынан бюджетке үлкен зиян келтірілген кезде одан да өрескел бұзушылықтар болғанын, бірақ этика жөніндегі кеңес оң қабақ танытқанын айтты.
Бірақ әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Елена Степаненко бұл істе жұмыстан шығаруға барлық негіз бар екенін баса айтты.
Дауыс беру кезінде кеңес мүшелерінің дауыстары екіге бөлінді.
Нәтижесінде, әдеп жөніндегі кеңес шенеунікті жұмыстан шығару туралы шешім шығарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық