Петропавлда зейнеткердің 100 млн теңгесін ұрлағандар ұсталды
Фото: Ашық дереккөзден
2023 жылдың маусым айында Петропавл қаласында суға сүзгі орнатамыз деп, зейнеткердің ақшасын ұрлаған екі жігіт ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz порталы Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Екі жігіт еш күдік тудырмастан уәде еткен жұмысын орындаған. Зейнеткер көрші бөлмеден ақша алып шыққан кезде, екі жігіттің бірі ақша тұратын орынды байқап қалған. Екеуінің бірі егде жастағы адамды сөзге айналдырса, екіншісі көрші бөлмедегі ақшаны үптеп, үйден тайып тұрған.
Ал әйел ақшасының қолды болғанын бірнеше күннен кейін ғана білген.
Петропавл полиция басқармасының аға криминалисі Ербол Мусин пәтерді мұқият тінтіп шығып, сүзгі құрылғысы қорабынан күдіктілердің қолдарының ізін тапқан.
Олар Қостанай облысының тумалары болып шықты және біреуінің Петропавлда тұратыны белгілі болды.
Күдіктілер ұсталып, ақшаның бір бөлігі иесіне қайтарылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық