Петропавлда үй өртеніп, 3 адам қаза тапты
Фото: Elements.envato.com
Петропавлда қайғылы өрт салдарынан 3 адам қаза тапты, олардың арасында үш жасар бала бар, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға Жұмысшы кентінде, қазанның 5-нен 6-на қараған түні, сағат 03:16 шамасында болған. Өрт ескі жазғы үйден басталып, кейін жақын орналасқан үй мен көрші үйдің қорасына тарады. Облыстық ТЖД мәліметінше, қызыл жалын 84 шаршы метр аумақты шарпыды.
«Тілсіз жаумен 20 адам күрескен. Тағы алты техника жұмылдырылды. Өрт 04:12-де оқшауланып, 05:29-да толығымен сөндірілді. Отты сөндіру барысында 2021 жылы туған қыз баланың, 1979 жылы туған ер адамның және 1985 жылы туған әйел адамның мәйіттері табылды», деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.
Жаңалықтар
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды