Петропавлдағы жарылыс салдарынан 3 адам хәл үстінде
Ақпан айының 21-і күні сағат 15:59 минутта Петропавлдағы интернационал көшесі 21 үйдің бірінші қабатындағы жарылған газ баллонның салдарынан зардап шеккендердің үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр, деп хабарлайды ORDA.
Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жарылыстан 16 адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Зақымданғандардың бірі – 24 жастағы жігіт қалалық көпбейінді ауруханада қайтыс болса, бұл емдеу мекемесінде қазір 20 жастағы қыз жансақтау бөлімшесінде жатыр. Жағдайы нашар. Бес адам амбулаторлық емделуге үйлеріне жіберілді. Ем алып жатқан тағы алтауының жағдайы орташа.
«10 жасар бала облыстық балалар ауруханасына түсті. Оның да жағдайы орташа. 1997 жылы туған екі ер адам облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр. Жалпы зардап шеккендердің орташа жасы 20-25 аралығында. Ең ересегі – 43 жаста», - дейді СҚО денсаулық сақтау басқарамасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Сайлауқызы.
Бір адамның денесі үйінді астынан табылып, екіншісі ауруханада көз жұмды.
Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, СҚО прокуроры тергеу барысын өз бақылауына алды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық