Петропавлдағы су тасқынының алдын алу үшін зейнеткерлер КАМАЗ астына түсті
Петропавлда Кожевенный кентінде тұратын зейнеткерлер қаланың барлық жерінен қарды алып келген жүк көліктерінің жолын жабуда.
Бұл туралы Orda.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тұрғындар күн жылығанда әкеліп үйіп жатқан қар еріп, қайтадан су басады деп қорқады.
– Біздің Хромзавод жыл сайын қардың астында қалады. Су басып қалған кезде, хром зауытының барлық тұрғындары зардап шегеді. Камаздар қар үйінділерін үсті-үстіне әкеліп жатыр. Мұндай бұйрықты кім берді? Сұрасақ, бәрі бір-біріне сілтейді. Мұны тоқтатуды сұраймыз! - дейді жергілікті тұрғын Нина Колесникова.
Кожевенный кентінің тұрғындары 2017 жылғы су тасқынын жақсы біледі және оның қайталануынан қорқады. Олар, егер бұл жұмыс тоқтамаса, тіпті салынған бөгет те оларды құтқара алмайтынына сенімді.
– Аталған учаскені ТКШ бөлімі бақылауға алды. Сонымен қатар, су тасқынына қарсы барлық іс-шараларды өткізіп жатырмыз, дейді Петропавл қаласының ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Бақыт Ілиясов.
Оның айтуынша, қарды сыртқа шығару ыңғайлы. Екі сағаттың орнына 15 минут кетеді. Қыстың басынан бері облыс орталығынан 700 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық