Петропавлда шенеунік қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланған
Фото: Азаттық рухы
Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Сәния Смайылованың қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдалануы талқыланды.
Бұл туралы Orda.kz Петропавловск.news-ке сілтеме жасап хабарлады.
– Қызметтік тексеру барысында демалыс күні қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалану фактісі расталды, бұл туралы бейнебақылау камераларының жазбалары да бар. Мемлекеттік қызметшілер автокөлік құралдарын қоса алғанда, мемлекет меншігін тек қызметтік мақсатта пайдалануға міндетті, - деді Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ергелді Қайыргелді.
Әдеп отырысына Сәния Смайылованың өзі келмеген, орнына қала әкімі аппаратының басшысы Қалия Түренова келген.
Түренованың айтуынша, Смайылова демалыс күні сенбілікке жетекшілік ету үшін қызметтік көлікті пайдаланған.
Алайда Солтүстік Қазақстан мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Елена Степаненко «әкімнің орынбасары заң бұзушылықты мойындап, өз әрекетіне өкінді» дейді.
Кеңес кезінде Сания Смайыловаға сөгіс беру ұсынылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық