Петропавлда полиция маскүнем отбасының екі баласын алып кетті
Фото: ІІД
Петропавлда полицейлер рейд барысында бір отбасының екі баласын ұстады. Ата-анасының екеуі де маскүнем болған, деп хабарлайды Orda.kz.
«Қақпа да, кіре беріс есік те құлыпталмаған, ата-аналар мен олардың қонағының да мас екені байқалған. Ересектер медициналық тексеруге жіберілді. Балалары — 14 жастағы ұл мен тоғыз жасар қыз. Қызын кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастыруға тура келді», деп хабарлады полиция.
Петропавл қаласы ПА бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, бұл отбасы бұған дейін де ескерту алған. Енді іс материалдары қайтадан кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жіберіледі.
«Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқан тағы бір отбасында антисанитарлық жағдай анықталды, қожайындары залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді дегеніне қарамастан, отбасына тәртіп орнатуға бір апта уақыт берілді», деп мәлімдеді Облыстық полиция басқармасы.
Сондай-ақ рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде болуының төрт фактісі және ата-аналық міндеттерін орындамаудың екі фактісі анықталды.
Жаңалықтар
- Жол үстінде есінен танып қалған жүк көлігі жүргізушісі құтқарылды
- Бавария 105 гол соғып, өз рекордын жаңартты
- Авиотын қымбаттады: Әлем және Қазақстан нарығы қандай жағдайда?
- Үш келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған түркістандық ұсталды
- Қазақстан үшін ғарыш — тек ғылыми сала емес, ұлттық мақтаныш, стратегиялық даму бағыты
- ХҚКО-лардың қызметі азайып, бәрі онлайн форматқа өтіп жатыр
- АҚШ пен Иран келіссөздерді уақытша тоқтатты: Бітімгерлік келісім аяқсыз қалды
- Қырғызстандық спортшы 190 тонна болатын сегіз вагонды 6,5 метрге сүйреді
- Түнде Астанадағы өрттен үш бала қаза тауып, әйел ауруханаға түсті
- Мемлекет басшысы еліміздің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
- Алматылық мектеп оқушысы БҰҰ-да ауадан су өндіру технологиясын таныстырды
- Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі
- Ұлттық банк валюталық бақылауды күшейтіп, жаңа ереже енгізеді
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?