Петропавлда отбасын өлтірді деген ер адамға шыққан ақтау үкімі жойылды
Фото: ТЖМ
Петропавлда әйелі мен балаларын өлтіріп, өртеп жіберді деген ер адамға қатысты алқабилер шығарған үкімнің күші жойылып, іс қайтадан сотқа жіберілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Qazaqstan Media хабарлауынша, істі қайта қарау туралы шешімді апелляциялық шағымды қараған облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы шығарды.
Айта кетейік, өткен қыркүйекте Петропавлдағы Береке ықшам ауданында өрт шығып, екі бала мен әйел қаза тапты. Бұл жағдайға байланысты Александр Канищев туған інісі, азаматтық некедегі әйелі мен оның бір жасар қызын өлтіріп, қылмысты жасыру үшін үйді өртеді деген айып тағылды. Дегенмен, алқабилер соты оны ақтап, прокурордың өмір бойы бас бостандығынан айыру сұрауын қабылдамады. Апелляциялық шағымнан кейін бұл шешім қайта қаралатын болды.
Сараптама қорытындысы балалардың тыныс алу жолдарында улы газ бен ыстың жоқ екенін көрсеткен. Яғни, балалар өртке дейін қайтыс болған. Сотта Канищев өз кінәсін мойындамай, өзі де сол түні өліп қала жаздағанын айтты. Шешіммен қайтыс болған Алина Котяштың анасы және мемлекеттік айыптаушы келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы алқабилер шығарған үкімнің күшін жойды. Анықталғандай, алқабилер арасында кейбірінің туыстары бұрын сотталған болып шықты.
Жаңалықтар
- Мереке қарсаңында БАҚ қызметкерлеріне 66 пәтер берілді
- Алматылық полицейді өлтіріп, денесін өртеп жіберген: Ұсталған жасөспірімдер үйқамақта болады
- Еуропада аптап ыстықтан бағдаршамдар еріп жатыр
- Ақтаудағы автомобильге газ құю бекетінде ұзын-сонар кезек
- Алматы – Ташкент жолында мотор майын тасымалдаған жүк көлігі аударылып, өртенді
- Елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні
- Алматыда курьер тыйым салынған вейп тасып жүргенін білмеген
- ӘЧ-2026: Месси жаңа рекорд орнатты
- Венесуэладағы жер сілкінісі: Құрбандар саны 1,4 мыңға жетті
- Ормуз бұғазындағы қауіп күшейді
- Сербия президенті Александр Вучич қызметтен кететінін мәлімдеді
- Ажырасқандардың жеке сот орындаушы ақысын екі жақтап төлеуі — Конституцияға қайшы
- ӘЧ–2026: Бельгия G тобында жеңіске жетті, Иранның тағдыры кейінірек шешіледі
- Мектепке жөндеу жүргізілмесе де 78 млн теңге төлеген шенеуніктер жазаланды
- Астанада жолаушылар автобусы өртеніп кетті
- Жетісу облысындағы тасжолда түнгі жол апаты болып, бес адам қаза тапты
- Алматыда неге жарық жиі өшіп, бағдаршамдар істемей тұр?
- БҰҰ: Есірткінің жаңа түрлері нарықты жаулап барады
- Бітім жайына қалды: АҚШ пен Иран бір-біріне соққы жасады
- Францияда аптап ыстыққа байланысты ядролық реакторлардың жұмысы уақытша тоқтатылды