Петропавлда әлеуметтік бейімдеу орталығы 18 млн теңгеге макарон өнімдерін алмақ болған
Фото: pixabay
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мемлекеттік сатып алу жүйесіне мониторинг жүргізді. Осылайша, 2022 жылдың бірінші тоқсанында сатып алу бағасының төмендеуінің жалпы сомасы 581,9 млн теңгені құрады.
Мониторинг барысында облыстың квазимемлекеттік секторының бірқатар мемлекеттік органдары мен ұйымдарында жоспарланған тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге бағаны көтеру фактілері анықталды.
Облыстық фтизиопульмонология орталығының басшылығы басқарманың ұсыныс хатынан кейін жалпы құны 150 млн теңгеге 100 мың респираторды қайта қарап, сатып алудан бас тартып, 150 теңгеге 10 қаламсап алуды жоспарлаған. Айта кетсек, бір ЖҚҚ орташа бағасы 493 теңгені құрайды.
СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин қате енгізілген деректердің жиі кездесетінін атап өтті.
Мысал ретінде «Петропавл қаласының әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ жоспары келтірілген. Мекеме бір келі макарон өнімін 17 776 750 теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуының нәтижесінде келісі 250 теңгеден жалпы құны 23 250 теңгеге сатып алу туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, Ақжар ауданы Айсарин ауылдық округі әкімінің аппаратында 48,1 млн теңге бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуының жолы кесілді. Мемлекеттік мекеме келесі жылыту маусымына тоннасына 933 812 теңгеден 52 тонна тас көмір сатып алуды жоспарлаған.
Жалпы, жыл басынан бері облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментімен жоспарланған сатып алу бағасын асыра бағалаудың 32 фактісі анықталып, олар бойынша 24 мемлекеттік органмен бағаны төмендету шаралары қолға алынған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық