Петропавлда кәсіпкердің отбасын қырып салған әйел мерзімінен бұрын бостандыққа шықты
Фото: әлеуметтік желіден
Петропавл қаласында жерлеу агенттігі иелерінің отбасын өлтіргені үшін сотталған әйел мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Оның жазасының мерзімінің аяқталуына тоғыз айдан астам уақыт қалған еді, деп хабарлайды Orda.kz.
СҚО сотының түсіндіруінше, әйел кәмелетке толмаған баласының бар екенін негізге алып, жазаны өтеуді кейінге қалдыруды сұраған. Заңға сәйкес, 14 жасқа дейінгі баласы бар аналарға жазаны өтеу уақытша тоқтатылуы мүмкін.
Сот бұл өтінішті қанағаттандырды.
Еске салайық, 2023 жылғы 28 желтоқсанда «Рабочий» шағын ауданында азаппен өлім құшқан үш адамның мәйіті табылған еді. Олар — жерлеу рәсімімен айналысатын кәсіптің иесі мен оның әйелі және 17 жастағы ұлы. Нәтижесінде екі ер адамға қарақшылық және кісі өлтіру айыбы тағылды. Ал әйел адамға кісі өлтіруге айдап салу (азғыру) бойынша айып тағылған.
Айыптау нұсқасына сәйкес, аса қатыгез қылмыстың себебі жерлеу қызметтері саласындағы көпжылдық бәсекелестік болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық