Петропавлда ірі сауда орталығының күлі көкке ұшты
Фото: Orda.kz
Петропавлдың орталығында орналасқан «Рахат» сауда үйінде өткен түні ірі өрт шығып, ондаған сауда бутигі жанып кетті. Өрттен зергерлік шеберхана, ателье, балықшылар бөлімі және киім бутиктері зардап шекті. Оқиға орнынан Orda.kz тілшісі барып қайтты.
Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабар таңғы 04:50-де түскен. Жоғары шақыру деңгейі бойынша оқиға орнына 20 техника мен өрт сөндіру қызметінің 67 қызметкері жіберілген.
«Өрт сөндіру барысында 68 адам эвакуацияланды, олардың 18-і – балалар. Тілсіз жау екі пәтерге дейін жетті», - департамент басшының бірінші орынбасары Нұрлан Нүкішев.
Өртті сөндіру барысында түтін мен тез жанғыш материалдардың көптігі қиындық тудырған. Дегенімен, құтқарушылар адам шығыны мен жарақаттанудың алдын алуға барынша тырысқан.
Екінші және үшінші қабаттардың кіреберістерінде әлі де қатты түтін байқалады. Полиция қызметкерлері пәтерлерді тексеріп, куәгерлерден жауап алып жатыр.
Өрттен зардап шеккен тұрғындар үшін екі көлік пен автобустар ұйымдастырылды, онда олар үшін жылынып, ыстық тамақтануға жағдай жасалды. Адамдарды уақытша жатақханаға орналастыру жоспарланған.
«Барлығы басталған кезде бұл апат бізді айналып өтеді деп үміттендім. Бірақ от өте жылдам таралып, бір сәтте жалын қабырғасына айналды», - дейді бірінші кіреберіс тұрғыны Инна Логинова.
Өрт әйелдің бүкіл пәтерін дерлік жойып жіберген. Залда жиһаз бен тұрмыстық техника жанып кеткен, бөлме мен ас үйдегі керме төбелер балқып, барлық терезе әйнектері жарылып кеткен.
Инна Логинованың кәмелетке толмаған екі баласы туыстарында уақытша орналастырылған. Өзі әзірге не істерін білмейді. Оның көршілері де үлкен шығынға ұшыраған.
«Бір әйелдің пәтері қатты күйіп кеткен. Автобус келіп, адамдарды эвакуациялап жатқанын көрдім. Қазір екі балам енемнің қолында», – деді ол.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекетіне қарамастан, сауда үйі үлкен шығынға ұшырады. Қайта тұтанудың алдын алу мақсатында құтқарушылар ғимарат құрылымдарын талдап, су құю жұмыстарын жалғастыруда. Оқиғаның себебін анықтау үшін мамандар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық