Петропавлда екі қыз педофилдердің құрбаны болды
Петропавлда екі күнде педофилдер 9 және 13 жастағы екі балаға зорлық көрсетті. Әзірге бір ғана күдікті ұсталды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
– 3 тамызда облыс орталығының бұрын сотталған тұрғыны кәмелетке толмағандарға қатысты басқа да сексуалдық әрекеттерді жасады деген күдікпен ұсталды, - деді Солтүстік Қазақстан ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Жанар Байғазина.
Оның айтуынша, бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне енгізілген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
– 4 тамызда тағы бір жас қызға жыныстық зорлық көрсету туралы хабарлама келді. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы бойынша тергеудің бірыңғай реестріне енгізілді. Күдікті іздеуде. Полицияның барлық жеке құрамы осы бойынша жұмыс жасауда, - деді Байғазина.
Қылмыстар Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті мен облыстық прокуратура басшылығының ерекше бақылауында.
– Біз ата -аналардан мұқият болуды және балаларын қараусыз қалдырмауды сұраймыз, - деді СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыстың бірі Петропавл қаласының шетінде Мещанский орманында орналасқан туберкулезге қарсы диспансер ауданында жасалған.
Еске салсақ, ҚР Бас прокуратурасының сайтында жарияланған кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыс жасаған адамдардың картасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысында бес педофил тіркелген. Олардың төртеуі Петропавл тұрғындары, үшеуі бостандықта жүр.
Жаңалықтар
- Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді
- Күйеуін өлтірген әйелдің оқиғасы туралы жаңа деректер шықты
- Баспана кезегін сату ісі: «Отбасы банк» басшысы жағдайды түсіндірді
- Туған анасына пышақ салды деген күдікті Вьетнамнан елге қайтарылды
- Құрылтай сайлауы: Алғашқы командалық теледебат тікелей эфирде көрсетіледі
- Елімізде жаңа eGov іске қосылды: Бұрынғыдан қандай айырмашылығы бар?
- Магистратура грантына қол жеткізгендердің тізімі қашан шығады?
- Алматыда LRT желісі 2027 жылдың соңында іске қосылады
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды