Петропавлда биыл 700 үй сүріліп, орнына 23 көпқабатты баспана тұрғызылады
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов халықпен есепті кездесуінде тұрғын үй құрылысына қатысты жоспарлары туралы айтып өтті, - деп хабарлайды солтүстік өңірдегі тілшіміз ORDA-ға.
Соңғы 5 жылдағы тұрғын үйге байланысты сараптамалар мен бағаларды салыстырсақ, баспана құрылысының айтарлықтай өскенін көруге болады. Өңір басшысы да бұған назар аударып отыр.
Басшының айтуынша, 2015 жылы жалпы ауданы 140 мың шаршы метр болатын 1 мың пәтер пайдалануға берілген, былтыр бұл көрсеткіш 3 есе артып, көп қабатты 24 үй тұрғызылған. Осы аймақтың 12 мың тұрғыны 3300 жаңа пәтерлерге қоныстанды. Былтыр Петропавл қаласының өзінде құрылыс 48 алаңда жүргізілсе, биыл олардың санын 56-ға жеткізу жоспарланған.
«Тұрғын үй қоры ескі үйлерді бұзу арқылы жаңарып жатыр. Соңғы үш жылда мыңнан астам үй сүрілді, олардың иелері пәтер жағдайларын жақсартты. Биыл 700 жеке үйді бұзу жоспарда бар. Олардың орнында көпқабатты 23 баспана тұрғызылады, бұл дегеніміз – 3,5 мың пәтер. 30 жеке үйдің орнына 300 пәтерлі баспана тұрғызуға болады», - деді Құмар Ақсақалов.
Облыс әкімінің айтуынша, енді жеке үйлері сүрілген тұрғындарға салынып жатқан жаңа үйлерден ғана пәтер берілетін болады. Аталған жаңа үйлер «Жас Өркен», «Береке» ықшамаудандарында, Уәлиханов көшесінің бойында тұрғызылып жатыр. Бұған қосымша алдағы уақытты «Қопай» мен «Набережный» шағынаудандарында да құрылыс жұмыстары басталады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық