Петропавлда Ақмола облысының тумасы 19 жастағы қызды 250 мың теңгеге сатып жіберді
Петропавлда Ақмола облысының тумасы 19 жастағы қызды 250 мың теңгеге сатып жіберген, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
«Петропавлда адам саудасы мен қанаумен айналысқан Ақмола облысының тумасы ұсталды. Осы схема бойынша күдікті Қостанай қаласының 19 жастағы тұрғынын жұмысқа тартып, оны одан әрі қаладағы сауналар мен қонақүйлерде жыныстық қанау мақсатында он мың теңгеге сатқан» деп хабарлады ІІМ.
Тергеушілердің мәліметінше, әйел әлеуметтік желілер арқылы қыздарды, соның ішінде тұрмысы нашар және толық емес отбасылардан шыққан, материалдық жағдайы қиын қыздарды іздеген. Кейін олармен танысып, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы жұмысқа орналасуға көмектесемін деген желеумен Петропавл қаласына шақырған.
«Олар келгеннен кейін оларға психологиялық қысым көрсетіп, қарсылығын басу, қорқыту және физикалық күш қолдану арқылы жыныстық қанаушылық пен адам саудасына салған» деп толықтырды министрлік.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабының 1-бөлігі (адам саудасы) бойынша ҚР ҚК-не тіркелді. Зардап шегуші қажетті көмек көрсету үшін баспанаға орналастырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық