Петропавлда алапат өрт болып, біраз адам баспанасыз қалды
Сурет: ТЖД
5-Сенная көшесіндегі өрт туралы ақпарат 7 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00 шамасында түскен. Онда ашық алаңдағы қамыс өртеніп, өрт ұшқыны тұрғын үйлерді шарпыған.
«Қатты жел салдарынан өрт жақын маңдағы жеке тұрғын үйлерге тарады. Өрт кезінде төрт үй жанып кетті. 40 адам эвакуацияланды, оның ішінде тоғыз бала бар. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп хабарлады кеше жағдайды ТЖД.
Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде өрт аумағы өте үлкен екенін, газ балондарының жарылуына ұқсас дыбыстар естіліп жатқанын жазды.


Өрт сөндіру қызметі «Береке» шағын ауданындағы (Бензоқұрылыс) өрттің оқшауланғаны туралы хабарлады. Өртенген тоғыз жеке үй мен кәсіпкердің мүлкі белгілі болды. Өрт орнынан тез арада 40 адам эвакуацияланды, оның ішінде тоғыз бала бар.

«Сөндіру жұмыстары батпақты жерде жүргізіліп, өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатқан. Оқиға орнына «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ күштері мен құралдары Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Оңтүстік Орал темір жолы Петропавл бөлімшесінің әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, «Қызылжар су» мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі, полиция бөлімі – жеке құрамының 137 адамы мен 28 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД.
Соңғы мәліметтер бойынша, өрт тоғыз үйді, оның екеуі тұрғын емес, 540 шаршы метр аумақтағы «Сервис вектор» ММ гаражын және үш автобус өртеніп кетті.

№25 мектепте 30 орындық эвакуациялық пункт орналастырылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің психологиялық қызметінің мамандары да тұрғындарға көмек көрсетуде. Бөлім базасында жедел штаб құрылды, сенім телефоны ашылды.
Бүгін Петропавлдағы «Береке» ықшам ауданындағы ірі өрт салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға уақытша жәрдемақы берілетіні хабарланды.

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров Facebook парақшасында жазды.
Қазір адамдар 25-ші мектептегі эвакуация пунктіне орналастырылды. Олар тамақпен, жатын орынмен қамтамасыз етілген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық