Петропавл жылу электр орталығында мұржа құлады
Петропавл жылу электр орталығында құлаған мұржа үйінділерінің арасынан бір адам іздестірілуде. Әзірге оның тірі не өлі екені белгісіз.
Петропавл жылу электр стансасындағы биіктігі 120 метрлік алып мұржаларының бірі бүгін кешке құлаған болатын. Апаттық жағдайға байланысты жедел штаб құрылды. Кәсіпорын жұмысшыларын түгендеу кезінде біреуінің жоқ екені анықталды. Қазір оқиға орнында төтенше жағдай, жедел жәрдем, прокуратура және полиция қазметкерлері жұмыс істеп жатыр. Нысан түгелдей қоршауға алынып, аумағына бөгде адамдарға өтуге тыйым салынған.
Кәсіпорында 800-ге тарта адам еңбек етеді. Әлі де 200 жұмысшының орны бос тұр. Ұжым басшылығының айтуынша, оның басты себебі жалақының аздығы.
Электр стансасындағы 12 қазандықтың екеуі ғана жұмыс істеп тұр. Құлаған мұржа үгінділері қанша аумаққа шашылғаны белгісіз. Қала тұрғындары ыстық судың жоқтығына және жылу батареяларының салқындап кеткеніне шағымдануда. Айтуларынша, шаһардың орталығы мен 19, 20, Жас өркен шағын аудандарында жылу жоқ. Әлеуметтік желілерде Петропавлда жылу, жарық пен су да болмай қалуы мүмкін деген ақпарат тарап жатыр. Кейбіреуі тұрғындарға су құйып алуға кеңес беруде. Дегенмен билік өкілдері бұл мәліметтерді жоққа шығарды. Жедел штаб мүшелері бүгін түнде тағы 4 қазандық іске қосылатынын жеткізді.
Петропавл жылу электр орталығы 1960 жылы салынған болатын. Нысанда содан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Қондырғылардың 56 пайызы тозған. Жылыту маусымы басталғалы бірнеше рет апат болды. Салдарынан буға күйіп қалған екі адам көз жұмды. Қазандықтар бірнеше рет істен шықты.
Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін кәсіпорынды модернизациялау жоспарланған. Бұл мақсатқа 17 млрд теңге жұмсалмақ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық