Сепаратизм бойынша Петропавл Халық кеңесінің үш мүшесі ұсталды
Солтүстік Қазақстан облысында сепаратизмге қатысты атышулы іс бойынша үш адам қамауға алынды.
Бұл туралы СҚО прокуратурасы хабарлады.
«Қылмыстық істің жиналған материалдары негізінде «Халықтық кеңестің» үш мүшесінің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180-бабы 2-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілеріне шақырумен материалдарды тарату және Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу бойынша сарапталған.
Аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік Кодексінің 128-бабы бойынша ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған баптың санкциясымен он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыру түрінде баламасыз жазалау қарастырылған» делінген хабарламада.
Атап өткендей, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында іс бойынша маңызы бар көптеген жедел-іздестіру шаралары, оның ішінде түрлі сараптамалық зерттеулер жүргізілді.
«Бәріңізге белгілі болғандай ағымдағы жылғы наурыз айында «Халық Кеңесі» тобына қатысушылардың жиналысы туралы интернет желілердегі хабар бойынша 2023 жылғы 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Департаменті сепаратизм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Сол күні облыс прокуратурасының нұсқауы бойынша Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Департаментінің, Полиция департаментінің, Экономикалық тергеу департаментінің, облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, процестік прокурорлар тағайындалды.
Тергеу барысында Петропавл қаласында 2023 жылғы 19 наурызда Солтүстік Қазақстан университетінің колледж ғимаратында «Халық Кеңесі» тобына қатысушылар облыс орталығының 20 азаматынан тұратын топтың жиналысы өткендігі, олар өздерін Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ізбасарлары деп көзқарастарын білдіргендіктері белгілі болды.
Жиналыс барысында олар Қазақстан Республикасынан тәуелсіз Петропавл қаласының Халық Кеңесін құру туралы тілектерін білдірген және «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Халық Кеңесі Декларациясын» қабылдаған, онда олар Қазақстанның мемлекет құру заңдылығын және легитивтігін мойындамаған, оның Конституциялық құрылысын бұзуға қол сұғып, оның тәуелсіздігін, жерінің тұтастығын жоққа шығарып отыр.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында іс үшін мәні бар көптеген тергеу шаралары жүргізілді, оның ішінде әртүрлі сараптамалық зерттеулер тағайындалды.
Саясаттанушы мен басқа да мамандардың қатысуымен комиссиялық сот психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындыларына сәйкес сепаратизм белгілері анықталған» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық