Петропавл әскери институтының курсанттары жаппай қызылша жұқтырды
Сурет ашық дереккөзден
Қазір оқу орнында екпе алғанын растайтын құжаты жоқ курсанттарға екпе жасалып жатыр.
Петропавлда әскери институт курсанттары қызылшамен ауырды: алдымен бір, кейін тағы 14 адам, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
«Бүгінгі таңда әскери институт (ҚР Ұлттық ұлан академиясы – Sputnik) курсанттары арасында қызылша ауруының расталған 15 жағдайы тіркелді. Бірнеше тәулік ішінде, яғни 72 сағат ішінде ауруға шалдыққаны туралы құжаттық дәлелдері жоқ адамдар арасында байланыста болғандар егілді. Бұл жұмыс әскери институтта да жүргізілуде, «Барлық байланыста болғандар дәрігерлердің бақылауында», - деп хабарлады облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев брифингте.
Ол курсанттар арасында қызылша ауруының бұлай өршуін әскери институтта еліміздің әр қаласынан келген курсанттардың білім алуынан деп түсіндірді. Көбісі вакциналау мәртебесін білмейді. Сонымен қатар, институтта курсанттар бір-бірімен үнемі тығыз байланыста.
Санитарлық дәрігердің айтуынша, бүгінге дейін облыста қызылшаға күдікті 77 жағдай тіркелсе, оның 49-ы зертханалық расталған. Өткен жылдың осы кезеңінде облыста қызылша ауруы тіркелген жоқ.
49 жағдайдың үшеуі шетеден келген (БАӘ, РФ және Қырғызстан) азаматтар, 46-сы жергілікті. Жас құрылымы бойынша ең көп ауру 17 жастан асқандар арасында тіркелді – 29 жағдай, 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 20 жағдай, оның ішінде бір нәресте бар.
«Ауруға шалдыққандардың 86 пайызы (42 адам) негізінен жеке сеніміне байланысты екпе алмаған немесе вакциналау туралы деректері жоқ», - деп атап өтті Әсет Жұматаев.
Негізінен Петропавл тұрғындары ауырды, олар – 42 науқас, Мағжан Жұмабаев ауданында екі адам және Аққайың, Айыртау Мамлют, Қызылжар және Жамбыл аудандарында оқшауланған.
Қазіргі таңда облыста қызылша, қызамық және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізілуде.
Өңірде қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау кезінде 1660 бала немесе нысаналы тұрғындардың 6,3 пайызы егілді.
Жаңалықтар
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты