Петропавл қаласының әкімі отставкаға кетті
Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков қызметінен кетті. Қала әкімі отставкаға кеткені туралы Facebook-тегі парақшасында жазды.
– Бүгін мен отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Үш жыл ішінде біз бірлесіп көптеген сынақтардан өттік: карантин, қаңтар оқиғасы және құрылыс бойынша көптеген мәселелер. Осы кезеңдерде қалалық әкімдіктің командасы өздерін кәсіби жағынан көрсетті, – деп жазды Болат Жұмабеков.
Болат Жұмабеков 2019 жылғы 12 сәуірде Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды. Ол еңбек демалысынан кейін отставкаға кетті.
Болат Жұмабеков Петропавл қаласының әкімі болғанға дейін Қызылжар ауданын, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданын басқарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық