Перзентханада ұл боп туған нәресте қыз боп шықты
Нұр-Сұлтан қаласының №1 перзентханасында Молдабековтер әулетінің келіні Ұлдана өмірге ұл әкеліп, артынша оның қыз екенін анықтаған.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Дүние есігін жаңа ашқан сәбиді акушер компьютерде «ұл» деп тіркеп, ал хирург дәрігер Молдабековтерге хабарласып, осы ақпаратпен бөліскен.
Келіншектің жақындары «маңдайы торсықтай ұлға» Рамазан деп ат қоюды жоспарлаған. Алайда, Рамазан Айару болып шыққан.
31 арнаның айтуынша, кесарь жасатқан Ұлданаға дәрігерлер ұл тудың деген. Ол есін жиып, баласын қолына алған кезде баласы ұлы емес, қыз екенін байқаған. Кейін дәрігер келіп, басында қате кеткені туралы ескертіп, Ұлдана негізінде қыз босанғанын айтқан.
Жас ана мен оның туыстары бұған сенбей, ДНҚ сараптамасын жасатады. Сараптама қорытындысы бойынша бала осы әулеттікі. Бірақ олар тағы да сараптама жасатуды жоспарлап отыр. Егер нәтижесі дәл осындай болса, перзентхана қызметкерлерін жауапқа тартады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық