Перуашев : Түркістандағы алаңға қанша қаражат жұмсалды?
«Ақ Жол» фракциясының басшысы Азат Перуашев «Астана» клубының Түркістанда нөсер жаңбыр астында өткен жергілікті «Тұранмен» кездесуі туралы пікір білдірді.
Бұл жайлы Orda.kz хабарлайды.
Алаңда жаңбырдан шұңқырлар пайда болды. Футболшылар алаңда 90 минут ойнады.
— Түркістандағы 39 млн долларға салынған жаңа алаңның су басқанын, футбол маусымының осы судың үстінде басталуы қызу талқылануда. «Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттары кәсіби клубтардың орнына балалар мен жасөспірімдер спортын қаржыландыру қажеттігіне бұрыннан назар аударып келеді. Бірақ су толған алаңда балалар да легионерлер де ойнамауы керек,- деді Перуашев
Ол Түркістан облыстық мәслихатының депутаттарынан «Ақ жол» партиясынан облыс әкімдігі мен спорт басқармасына келесі сұрақтарды жолдауды сұрады:
- Осы алаңның құрылысына қанша бюджет қаражаты жұмсалды? Ашық ақпарат көздерінің мәліметінше, Түркияда 27 мың көрерменге арналған «Сивас Арена» стадионының құрылысына 21 миллион доллар кеткен, оған 744 көрермен сияды. Түркістанда бұл көрсеткіш бір жанкүйерге 5,5 мың доллардан асқан. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келе ме?
- Бұл нысанды кім қабылдады?
- Бейнеде анық көрсетілген стадионның су ағу жүйесінің кемшіліктерін кім және кімнің есебінен қалрына келтіреді?
- Алаңда басқа да кемшіліктер болуы мүмкін. Осыған байланысты оның құрылысы мен жұмыс істеу сапасын қайта тексеру қажет.
- Балалар мен жасөспірімдер спортына облыс бюджетінен қанша қаражат бөлінеді? Аймақтағы бір спорт мектебінің орташа бюджеті қандай? Бұл шығындарды осы стадионның шығындарымен салыстыруға бола ма?
Перуашевтің айтуынша, бұл проблемалар біздің экономикамыз бен құрылыс нарығын монополияландырудың нәтижесі.
— Соңғы жылдары орталықтағы және әртүрлі аймақтардағы ең ірі құрылыс жобаларын бір компания қабылдауда. Облыстарда арзанырақ және сапасы сәйкес келетін нысандар тұрғызуға дайын жергілікті құрылысшылар жоқ па? Оларды тауып, заманауи технологиялар мен әдістерді үйрететін, қажетті деңгейге шығаратын кез келді. Бұл ашық және адал бәсекелестік құрылысын қоса алғанда, кез келген өнімнің сапасы мен қолжетімділігі үшін күресте тиімді құрал бола алады, — деп атап өтті саясаткер.
Авторы: Жанна Сағади
Аударған: Мұхит Тұрсынәлі
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық