Перизат Қайраттың соты жабық режимде өтіп жатыр
Фото: Orda.kz
Қайырымдылық қорына жиналған қаражатты жымқырды деп айыпталған Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот отырысы жабық режимде өтіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Астана сотының баспасөз қызметі сот отырысы банк құпиялары жайлы жасырын деректердің қаралуына байланысты жабық болатынын ескертті.
Бұған дейін осы істі жүргізіп жатқан судья Сабыржан Кәрімов сот отырыстарының дүйсенбі және бейсенбі күндері өтетінін бекіткен болатын. Алайда өткен аптада сот отырыстары сәрсенбі, бейсенбі және жұма күні түске дейін де өтті.
Айта кетейік, Перизат Қайрат айыптау актісі жарияланғаннан кейін кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар ол сот отырысында Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбекті сотқа шақырып, одан жауап алуды талап етті.
Еске сала кетсек, 2023 жылы Перизат Қайрат ел назарын Газа секторында зардап шеккендерге «көмек көрсетуге» бұрды. Оның қорына жүздеген миллион теңгенің қалай аударылғаны және БАӘ-нің патша әулетінің мүшелерімен достық қарым-қатынасы туралы мәліметтер алдыңғы сот отырысында айтылды. Бұл туралы материалымыздан оқыңыз.
Сондай-ақ, Orda.kz редакциясы Перизат Қайраттың әлеуметтік желідегі жазбаларын зерттеп, оның кімдерден қаражат алғанын және ірі кәсіпкерлерге дәл осы қор арқылы қайырымдылық жасауға кімдер кеңес беруі мүмкін екенін анықтап көрді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық