Перизат Қайраттың мүліктері бұғатталды
Фото: инстаграм/ 01pk
«Біз біргеміз» қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайраттың мүлкі бұғатталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін, сондай-ақ Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында жиналған 1,7 млрд теңгеден астам қаражат жымқырды деген күдікке ілінген.
Сот санкциясымен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған Астана қаласындағы «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау», «Sensata Plaza» ТК, сондай-ақ «Vela Village» коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүлік, Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval автомобильдері бұғатталды.


Видеодан алынған кадр
«Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және басқа да бренд киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдар, сөмкелер тәркіленді» делінген хабарламада.


Видеодан алынған кадр
Қаржылық мониторинг агенттігі тәркіленген мүлік заттай дәлелдемелер ретінде танылып, іс материалдарына қосылатынын мәлімдеді. Тергеу жалғасып жатыр.
«Егер сіз Перизат Қайраттың үшінші тұлғаларға ресімделген мүлкінің орналасқан жері туралы ақпаратты білсеңіз, қаржылық мониторинг агенттігіне хабарласуыңызды сұраймыз», деп жазды ҚМА.
Жаңалықтар
- Ақтау маңындағы әуе апаты: Әзербайжан мен Ресей өзара келісімге келді
- 4 адам опат болды: Түркияда тағы да оқушы мектептегілерге оқ жаудырды
- Президент АХҚО басшысына елге капитал тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды
- «Әндерді сатып алдым»: Композитор Қуат Әбіл пен әнші Баянсұлу арасындағы кикілжің оң шешімін тапты
- Маңғыстау облысында қатты нөсер мен дауылдан үйлерді су алып, шатырлар ұшты
- Тоқаев БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастаманы қолдады
- Жамбыл облысында екі жасөспірімнің денесі табылды
- Қазақстанда жаңа партия құрылады
- Ердоған Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды
- Қазақстанда коллекторлар қызметіне шектеу қойылды: Өзгеріс қандай?
- Қазақстанда ұлттық рейтингтік агенттік құрылады
- Бақытжан Базарбек: Олигархтарға «сот төрелігі» ерекше
- Ресейде жаңа заң: шетелдегі ресейліктерді қорғау үшін президентке әскер қолдану құқығы берілмек
- Депутат тойдаға «үздік құда» марапаттарына қарсы шықты
- Қазақстандықтар қосымша зейнетақы төлемдерін өмір бойы ала алады — Еңбек министрлігі
- «Қорғаста» ҚҚС-тан босатылған 19 инвесторға екі жыл бойы заңсыз төлем есептелген
- Жолда қыршын кеткен өмірлер: Мас жүргізушіге үкім шықты
- Неке бұзылған соң ортақ мүлік ана мен баланың келісімінсіз сатылмайды
- МӘМС арқылы миллиондаған теңге залал: Түркістан облысында стоматолог бір уақытта 10 науқастың «тісін емдеген»
- «Air Astana» мен «FlyArystan» авиаотын көлемі бойынша бұрмаланған мәлімет ұсынған