Перизат Қайраттың ісі сотқа жіберілді

cover Коллаж: Orda.kz

Атышулы Перизат Қайраттың ісі Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралатын болды, деп хабарлайды Orda.kz.

Перизатқа су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар мен соғыстан зардап шеккен палестиналықтарға жиналған үш жарым миллиард теңгені жымқырды деген айып тағылып отыр. 

Бұл істе Перизаттың анасы — Ғайни Адашбаева да күдікті ретінде танылған. Оған алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру баптары бойынша айып тағылды.

«Biz Birgemiz Qazaqstan» қорының басшысы Перизат Қайрат миллиардтан астам теңгені қолма-қол шығарып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Ұрланған қаражат 3,5 млрд теңге болды. Жөндеу, жол жүру, жиһаз және киім-кешек шығындарының ішінде 6,9 миллион теңгеге сатып алған Rolex сағаты бар.

 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар