Перизат Қайрат басқаратын қордың көптеген құрылтайшылары «Аманат» партиясынан
Фото: Instagram/pk01
Белгілі волонтер Перизат Қайрат басқаратын «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорының құрылтайшыларының көбі «Аманат» партиясынан екені анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Kompra қазақстандық компаниясының мәліметінше, «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігінің бірінші басшысы — Перизат Қайрат.
Қор құрылтайшылары арасында Перизат Қайраттан басқа келесі тұлғалар бар:
- Тоқтар Болысов — «Inmode» ЖШС және «Consult-Invest ITIC» ЖШС компанияларының директоры.
- Арсланбек Мағзұм — «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының жетекшісі.
- Сергей Матюшенко — «Аманат» қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы «Байқоңыр» аудандық филиалының басшысы және «Біз» азаматтық қозғалысы қорының жетекшісі.
- Гүлназ Сейкамал; Аружан Аманбай; Әйгерім Серікжанова — «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалының бұрынғы құрылтайшысы және «Sat Media» компаниясының жетекшісі.
- Шадияр Тұрғанбай;
- Аян Хафиз.
Kompra мәліметінше, «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі 2021 жылдың 11 қазанында тіркелген. 2023 жылдан бастап салық шегерімдері 184 мыңнан асты.
Kompra атағандай Перизат Қайрат жоғарыдағы Қордан басқа «Rebel Flowers» ЖШС және R-K жеке кәсіпкерлігінің басшысы. «Rebel Flowers» ЖШС 2022 жылы тіркеліп, 2024 жылы 3 миллион теңгеден астам салық төлеген.
Айта кетейік, күні кеше су тасқыны кезінде халықтың мұң-зарын жоқтаған және көмектесуге ұмтылған Перизат Қайрат 1,5 млрд теңге жымқырды деп айыпталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық