Пенжімдегі мектеп оқушыларының төбелесі ұлтаралық қақтығыс нәтижесінде шықты – ІІМ
Алматы облысының Пенжім ауылында ұлтаралық кикілжің салдарынан жаппай төбелес болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының басшысы Әсет Оспанов кәмелетке толмағандардың істері және құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысында мәлімдеді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
– Мектеп оқушылары арасында ұлтаралық негізде қақтығыстар орын алуда. Мұндай фактілер қазан айында ғана Батыс Қазақстанда, ал жақында Алматы облысы, Пенжім ауылында тіркелді. 9-10 сынып оқушылары арасында ұлтқа бөлінген топтық төбелес орын алды. Әлеуметтік желілерде Пенжім ауылы қызу талқыланып, қоғамда қызу реакция тудырды. Уақтылы қабылданған шаралар жанжалды ауыздықтауға және ұлтаралық араздықтың алдын алуға мүмкіндік берді, - деді Әсет Оспанов.
Еске салсақ, 28 қазанда 9-10-сынып оқушылары арасындағы ауызша керіс Пенжім ауылындағы жаппай төбелеске ұласты. Салдарынан мектеп оқушыларының бірінің атасы және 16 жастағы жасөспірім жарақат алып, Панфилов ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.
Бұған дейін Қазақстан халқы ассамблеясы тәртіпсіздіктер ұлтаралық қақтығыс негізінде болмағанын мәлімдеген болатын.
– Ауыл тұрғындары арасында ұлтаралық қақтығыстар былай тұрсын, ешбір қақтығыс болмағанын және ешқашан болмайтынын ерекше атап өткім келеді, - деді ҚХА баспасөз хатшысы Майя Бекбаева.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық